$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.03.2024, 12:18
Қоғам

Бала зорлық-зомбылықтың құрбаны болмау үшін не істеу керек?

Жалғыз қыдырған бала қылмыскердің назарын өзіне аудартады

Бала зорлық-зомбылықтың құрбаны болмау үшін не істеу керек?

Бала зорлық-зомбылықтың құрбаны болмау үшін не істеу керек? Ақмола облысының прокуратурасы арнайы жадынама таратты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Прокурорлардың айтуынша, балаға ересек адамдардан қауіп төнген жағдайда «ЖОҚ» деп айтуды үйретіңіз

Егер біреу оны ұстауға әрекет етсе, балаға «Бұл менің Әкем емес (Анам емес)» деп даусын шығарып айқайлауды үйретіңіз. Бұл айналасындағылардың назарын аудартады және қылмыскерді қаймықтырады.

Балаға қайда баратынын, қай бағытпен, қай уақытта қайтатынын, кіммен болатынын хабарлап отыруды, егерде жоспары өзгеріп жатса қоңырау шалу қажет екенін үйретіңіз.

Баланы балабақшадан және мектептен өзіңіз алуға тырысыңыз. Егер басқа біреу алатын болса, алдын ала ескертіңіз. Балаға құпия сөз ойлап табыңыз. Бұл құпия сөз балаға білмеген бөтен адамдармен бірге кетпеуі немесе бөтен көлікке отырмауы үшін керек.

Балаға жалғыз жүргеннен гөрі достарымен бірге қыдыру қауіпсіз екенін түсіндіріңіз. Жалғыз қыдырған бала қылмыскердің назарын өзіне аудартады.

Баланы жылына бір рет фотосуретке түсіріңіз. Тым болмағанда Сізде жана фотосуреті болады.

«Балалардың Интернетте еркін отыруына жол бермеңіз. Баланың әлеуметтік желідегі өміріне белсене атсалысыңыз.

Балаға Интернет желісіндегі қауіптілік туралы айтып ескертіңіз. Егер бала басқа Интернет қолданушы тарапынан келеңсіздікке немесе зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда, оған дереу жақын адамдарына хабарлау керектігін түсіндіріңіз.

Бала барлық жағдайды айтып жеткізе алатын Ата-ананың қатарынан болыңыз.

Бала әрқашан оны жақсы көретініне, егер ол жоғалып кетсе немесе ұрланса, оны іздеу тоқтамайтынына сенімді болуы керек», - деп ескертті прокурорлар.

Серіктес жаңалықтары