Енді алимент төлемейтіндердің құмар ойынға тігетін ставкалары да тексеріледі

Былтыр Қазақстанда төленбеген алимент көлемі 20,7 млрд теңгеге жеткен

Енді алимент төлемейтіндердің құмар ойынға тігетін ставкалары да тексеріледі
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Енді алимент бойынша қарызы бар адамдардың кірістері жан-жақтан тексеріледі. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Алимент төлемей жүргендердің жаңа кіріс көздерін анықтауда жаңа тәсілдер қолдана бастадық және олар тиімді екенін көрсетті. Енді алимент бойынша қарызы бар адамдардың электрондық әмияндары, букмекерлік компаниялардағы шоттары, биржалық саудадағы бағалы қағаздары, криптовалюталық операциялары, дропшипинг, желілік маркетинг, такси қызметтерінен түсетін пайдасы сияқты кірістері тексеріледі», - деді Талғат Уәли.

Былтыр Қазақстанда төленбеген алимент көлемі 20,7 млрд теңгеге жеткен. 

Талғат Уәлидің айтуынша, былтыр Астана қаласы бойынша төленбеген алимент сомасы 1 млрд. 877 млн. теңге, Алматы қаласында – 528 млн. теңге, Түркістан облысында –2  млрд. 185 млн. теңге, Шымкент қаласында –1 млрд.290 млн теңге, Қарағанды облысында – 904 млн. теңге болған.

«Сонымен қатар, ең аз күрделі алимент өндірістері Ұлытау (126), Ақмола (197), Атырау (266) облыстарына тиесілі», - деді Уәли.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.