$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бәсекеге қабілетті Қазақстанды құру үшін жастарды кәсіпкерлікке тарту қажет - сарапшы

Мемлекет экономиканы тұрақтандырудың негізгі бағыты ретінде кәсіпкер­лікті дамытуға барынша қолдау көрсетіп отыр

Бәсекеге қабілетті Қазақстанды құру үшін жастарды кәсіпкерлікке тарту қажет - сарапшы
Фото: freepik.com

Бүгінде ел тұрғындарының 60 пайызға жуығын жастар құрайды екен. Оларды жұмыспен қамту, жеке кәсіп ашуға талпынған жастарға демеу көрсету - мемлекеттің негізгі бағыттарының бірі. Статистикалық деректерге сәйкес, былтыр жастардың жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға жеткен. Осы ретте Мемлекет басшысы 2029 жылға дейін 3,3 млн адамды, оның ішінде 2,3 млн жасты жұмысқа орналастыруды жауапты органдарға тапсырған болатын. Сондай-ақ Президент жастарға қайтарымсыз гранттар мен жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық жеңілдетілген микрокредиттер беру арқылы азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауды қамтамасыз етуді тапсырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Елімізде жас кәсіпкерлеорді қолдауға арналған қайтарымсыз гранттар, жеңілдікпен несие беру мүмкіндіктері қарастырылған.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша іске асатын Ұлттық жобалар аясында бүгінде 45  астам жаңа жұмыс орны ашылды. Оның көбі «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» – 13 098, «Кәсіпкерлікті дамыту» – 11 489, «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» – 6 354 ұлттық жобалары барысында құрылған. Сонымен қатар, жұмысқа орналасқандардың 45 пайызын жастар мен мүгедектігі бар жастар құрайды екен.

Кәсіп бастаймын деген жастарға ең алдымен бағыт-бағдар беретін, жол сілтейтін қоғамдастықтар, ұйымдар да жемісті еңбек етіп келеді.

«Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығы 2011 жылы жас кәсіпкерлердің қызметінің дамуына қолайлы жағдай жасау, жастар кәсіпкерлігін насихаттау, дамыту және кәсіпкер болуға ынталы жастарды қолдау мақсатында құрылған.

Жастар арасында кәсіпкерлік қызметті насихаттап кәсіпкерлік рухты қалыптастыруға, масыл болмау үшін жастарға барынша көмек көрсету және жас кәсіпкерлердің мәртебесін анықтап өз кәсібін ашуға, жұмысын жасауына мемлекеттік қолдаулардың кешенді шаралар жиынтығын анықтап көрсетілуіне қол жеткізу. Осылайша, жас кәсіпкерлерді біріктіріп мемлекеттен қолдаулардың қандай түрі және қалай керек екенін анықтап ұсыныс беру әрі қол жеткізу және қайтарымы ретінде қоғамға жұмыс жасап, ел дамуына үлес қосу.

Мемлекет экономиканы тұрақтандырудың негізгі бағыты ретінде кәсіпкер­лікті дамытуға барынша қолдау көрсетіп отырғаны белгілі.

Қоғамның белсенді мүшесі болып табылатын және экономикасы мықты, әлеуметтік бәсекеге қабілетті Қазақстанды құру үшін ауқымды әлеуетке ие жастарды кәсіпкерлікке тарту, оларды ынталандыру өзекті мәселе болып отыр.

Осылайша, жас кәсіпкерлердің мәртебесін заңнамада жүзінде анықтап, өз кәсібін ашып, жемісті жұмыс істеуі, мемлекеттік қолдау бағытындағы кешенді шараларға қол жеткізуі арқылы еліміздің дамуына қосқан үлесі болады», - деді Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы Мақсат Қожамбек.

Оның айтуынша, қауымдастық мүшелері – өз еркімен біріккен кәсіпкерлер. Олар бизнеске енді қадам басқан жастарға тегін көмек қолын созады. Заңдық тұрғыда, қай бағытта бизнес жүргізу керек, қаражатты қайдан алу керек деген сұрақтарына жауап береді.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы шықпай тұрғанда, біз солардың барлық жұмысын атқаратын едік. Қазір мемлекеттік қолдау жоқ, қаражат қарастырылмаған, «Атамекеннің» күші жете бермейтін ауқымы тар салаларда жастарға көмектесіп жүрміз. Бюракратияға кездескен жастардың проблемасын тиісті органдарға жеткіземіз. Бизнеске байланысты шетелдік іс-сапарларға жастарды өзімізбен бірге алып кетеміз немесе шетелден сарапшылар келгенде оларды шақырамыз», - деді қауымдастығының төрағасы.

Мақсат Қожамбек алдағы уақытта жас кәсіпкерлерге қатысты жобалар шығатын болса, қауымдастықтың белсене кірісетінін айтты.

Серіктес жаңалықтары