Ақтөбе облысында су тасқынынан қорғау шараларына полицейлер де атсалысуда

Автор: Azattyq Rýhy

Полицейлер мен құтқарушылар ағын су бағытын бұру және бөгеу шараларын тәулік бойы атқаруда

Фото: polisia.kz

Еріген қар суымен бірге екі күннен бері жауған жаңбырдың салдарынан, облыс аумағында бірнеше ауылды су басты. Әсіресе, Темір, Байғанин, Қобда, Мұғалжар аудандары зардап шегуде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер мен құтқарушылар ауыл тұрғындарымен бірлесіп, ағын су бағытын бұру және бөгеу шараларын тәулік бойы атқаруда.

«Ембі қалалық полиция бөлімшесінің жеке құрамы Мұғалжар ауданының Жағабұлақ ауылын су тасқынынан қорғау шараларына қатысуда. Ауылды еріген қар суынан қорғау жұмыстарына полиция бөлімінің 25 қызметкері жұмылдырылған», - делінген хабарламада.