$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.03.2024, 11:18
Қоғам

Тыңайтқыштарды аванстық субсидиялау тікелей отандық зауыттарға берілмек

АШМ мәліметінше, 2024 жылғы егінге 97% тұқым себілді

Тыңайтқыштарды аванстық субсидиялау тікелей отандық зауыттарға берілмек
Фото: .istockphoto.com

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Премьер-министр Олжас Бектеновке шаруалардың тыңайтқыштарды пайдалану деңгейін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстар әкімдіктерінің жедел деректері бойынша 2024 жылғы егінге 2,4 млн тонна тұқым қажет, биылғы жылдың 26 наурызында оның 97% себілген. 2024 жылға облыстардың жергілікті бюджеттерінде тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 12,8 млрд теңге көзделген. Өңірлерге ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқымдарының үлес салмағының жоспары туралы ақпарат берілді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық өңірге тыңайтқыштарды қолдану бойынша индикаторлар жеткізілді. Биылға шамамен 1,5 млн тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланып отыр, бұл ғылыми қажеттіліктің 46%-ы. Оларды қолдану деңгейін арттыру үшін мемлекет барлық қажетті шараларды қабылдауда», — деді АШМ басшысы.

Осылайша, отандық тыңайтқыштарды аванстық субсидиялау көзделген, бұл жерде субсидиялар тікелей отандық зауыттарға беріледі.

«Бұл субсидиялаудың мүлдем жаңа тетігі, онда шаруалар алдын ала арзандатылған тыңайтқыштармен қамтамасыз етілетін болады», — деді Айдарбек Сапаров.

Сондай-ақ қазір тыңайтқыштарды зауыттардан әкімдіктердің кепілдігімен бөліп төлеуге беру мәселесі пысықталуда. Бұл шаралардың барлығы тыңайтқыштарды қолдану көлемін арттыруға ықпал етеді.

Бұл ретте егінді сақтап қалу үшін егістік алқаптарын уақытылы химиялық өңдеуден өткізу қажет. Осы мақсаттар үшін мемлекет пестицидтердің құнын 50% мөлшерінде субсидиялау түрінде қолдау көрсетеді, бұл қолайлы фитосанитарлық жағдайды сақтауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда фермерлерге барлығы 147 мың тонна тыңайтқыш жөнелтілді, 173 мың тоннаға шарттар жасалды. Тыңайтқыштарды жөнелту бойынша белсенді жұмыс Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Облыс әкімдіктеріне бұл мәселені бақылауға алып, жұмысты жеделдету тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары