Форум 3 күнге созылады
Хайнаньда өтетін Боао Азиялық форумы ең қарқынды дамып жатқан аймақтың ішкі мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы Әділ Қаукенов пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жалпы әлемдік өсу Азияның қарқынды дамып келе жатқан экономикалары есебінен қалыптасады, сондықтан Азия үшін міндет, әрине, қарсыластықтардың, қақтығыстардың елдерді бөлетін толқындардың болмауына жол бермеу», - дейді сарапшы қытайлық телеарнаға берген пікірінде.
Қытайтанушының айтуынша, континенттер өркениеттер диалогы мен ортақ сауда тізбектері есебінен дамуға мүмкіндік бермеді.
«Азия елдері өте көп болғанына қарамастан, олар мұндай байланысқа, диалогқа қабілетті. Қазір барлығы Азия елдеріне, Боао форумына назар аударады. Себебі бүгінде Азия континентінде қандай да бір жаңа техникалық-экономикалық, ғылыми жаңалық пайда болуы мүмкін. Жалпы алғанда, байланыстар мен шешімдердің жаңа форматы басқа аймақтарды дамытудың үлгісі бола алады», - деді ол.
Еске салсақ, Қытайдың Хайнань провинциясында 26-29 наурыз аралығында жыл сайынғы Боао Азиялық форумы өтеді.