Коронавирустан көз жұмған қостанайлық Жітіқара қаласынан тыс жерге шықпаған
Қостанай облысында коронавирустан алғашқы көз жұмған адам туралы ақпарат
12 сәуірде 1945 жылғы ер адам және 1955 жылғы әйел адам (Жітіқара қаласының тұрғындары) температурасы көтеріліп, әлсіздік және ентігу белгілері бойынша жедел жәрдем шақырған. Екеуі де қалалық ауруханаға жеткізіліп, сынама нәтижесі пациенттердің COVID-19 жұқтырғанын көрсеткен.
Емделушілердің айтуынша, аурудың алғашқы белгілері 5 сәуірде байқала бастаған. Одан бөлек, науқастар вирус белгілері бар адамдармен байланыста болмағанын және Жітіқара қаласынан тыс жерге шықпағанын айтқан.
14 сәуірде 75 жастағы ер адамның дене қызуы көтеріліп, келесі күні таңертең өкпені желдету аппаратына қосылып, интубация жасалды. Өкінішке қарай, бүгін таңғы сағат 8:30-да науқастың жүрегі тоқтап, көз жұмған. Ал 65 жастағы әйелдің денсаулығы орташа ауыр жағдайда.