$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.03.2024, 20:58
Қоғам

Қонаев қаласында адамдарды ұрып-соғып, оны видеоға түсірген жасөспірімдер ұсталды

Қазіргі уақытта қалалық полиция бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады

Қонаев қаласында адамдарды ұрып-соғып, оны видеоға түсірген жасөспірімдер ұсталды
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Қонаев қаласында ер адамдарды ұрып-соғып, әрекеттерін видеоға түсірген жасөспірімдер ұсталды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бір топ жасөспірімнің өтіп бара жатқан адамдарды аяусыз ұрып-соққан видеосы бұған дейін әлеуметтік желіде тараған болатын.

Кадрдан кәмелетке толмағандар, оның ішінде жас қыз мас күйінде отырған ересек ер адамға тиісіп, кейін оны тепкілеп жатқанын көруге болады.

Алматы облысының полиция департаменті видеодағы жастардың жеке басы анықталып, Қонаев полиция басқармасына жеткізілгенін мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта қалалық полиция бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етілмейді», - делінген ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары