$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

19 наурыз - Жаңару күні

Осы күні көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды

19 наурыз - Жаңару күні
Фото: freepik.com

Бүгін – Жаңару күні. Бұл күн барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Жаңару күнінде көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды.

Айта кетсек, биылдан бастап елімізде Наурыз мерекесін тойлау жаңа форматта атап өтілетін болады. Жыл сайын 14-23 наурыз аралығында өткізілетін Наурызнама онкүндігін жариялау ұсынылды.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Наурыз мерекесін тойлауға арналған жалпы республикалық жоспар әзірледі. Құжатта барлық форматтағы іс-шаралар қамтылған. Жалпы республика бойынша 10 мыңнан астам іс-шара өткізіледі. Ал басты мереке 21 наурыз күні Астана қаласындағы ЭКСПО көрмесінің аумағында өтеді. Аталған мереке аясында киіз үйлер құрылып, түрлі мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Қазіргі таңда мерекенің тұжырымдамасы бекітіліп, дайындық жүргізіліп жатыр.

Ал ертең, 20 наурыз күні қазақстандықтар Ұлттық спорт күнін атап өтеді.

Серіктес жаңалықтары