Павлодарда қарамағындағы қызметкерлерінің қаржы жымқырғаны үшін бөлім басшысы жазаланды

Azattyq Rýhy

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл жағдайға қатысты қылмыстық істі аяқтады

Павлодарда қарамағындағы қызметкерлерінің қаржы жымқырғаны үшін бөлім басшысы жазаланды
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысы бойынша өзінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін сөгіс түрінде тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Павлодар облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар басшының орынбасары қатаң сөгіс түрінде жаза алды.

«Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері және басқа да адамдар 1-топтағы мүгедектігі бар адамдарды алып жүру үшін жеке көмекшілердің қызметтеріне ақы төлеуге бөлінген аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын ұрлаған.  Олар ақшалай қаражатты іс жүзінде жеке көмекшінің қызметін көрсетпеген тұлғалардың есепшоттарына негізсіз аударып отырған», - делінген департамент хабарламасында. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл жағдайға қатысты қылмыстық істі аяқтады. Қазіргі уақытта іс сотқа жіберілді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.