07.03.2024, 12:58
Қоғам
Стамбул әуежайы – Еуропадағы ең көп жолаушы тасымалдайтын орталық атанды
Күн сайын орташа есеппен 1321 рейс жасалады
Фото: com.tr
Стамбул әуежайы 26 ақпан мен 3 наурыз аралығында Еуропадағы ең қызу жұмыс істеген әуежай ретінде танылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Түрік әуежайында күн сайын орташа есеппен 1321 рейс жасалды. Бұл туралы Еуропалық әуе навигациясы қауіпсіздігі ұйымының (Еуробақылау) Еуропадағы авиацияның жай-күйі туралы есебінде жазылды.
Стамбул әуежайынан кейінгі орында күнделікті 1283 рейс жасаған Лондонның Хитроу әуежайы тұр. Одан кейін Амстердамның Схипхол әуежайы бір күнде күнде 1266 рейс, Париждің Шарль де Голль әуежайы 1169 рейс, Франкфурт әуежайы 1131 рейс жасаған.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады