Қытай Еуропаның 6 еліне визасыз режим енгізбек
Режим 14 наурызда басталады
Қытайдың СІМ басшысы Ван И баспасөз конференциясында бірқатар Еуропа елдеріне визасыз режим қосылатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қытайдың есігі әлем елдеріне айқара ашуды жалғастырып жатыр. Экономикалық дипломатия сыртқы саясаттың күн тәртібінде маңызды мәселе. Біз қытайлық шетелдік азаматтардың сапарын жеңілдетуді дамыта береміз. Сондай-ақ тауар сатып алу саласында да өзара жеңілдіктерді қарастыру көзделген»,- деді министр.
Ван И осы орайда Еуропалық елдерге визасыз режим енгізілетінін айтты.
«14 наурыздан бастап Қытай Швейцария, Ирландия, Мажарстан, Австрия, Бельгия және Люксембург үшін визасыз режимді енгізеді. Көптеген ел де қытайлықтардың жүріп-тұруына жеңілдік жасайды деп үміттенеміз. Бұл транзиттік сапарларды да оңайлататын да еді. Біздің халық елдерге еркін барып, Қытайға да өзге халық өз үйіне келетіндей жағдай жасағымыз келеді», - деді ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И.
Еске салсақ, 2023 жылғы 10 қарашада Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим туралы келісім күшіне енді. Қазақстан азаматтары Қытайда Мемлекеттік шекарадан өткен сәттен бастап 30 күн визасыз бола алады.