Қостанайда кішкентай балаға қол көтерген балабақша тәрбиешісі жұмыстан босатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұдан әрі істі құқық қорғау саласының өкілдері қарайды

Бейнеден кадр

Қостанайдағы балабашалардың бірінде тәрбиеші кішкентай бүлдіршінге қол көтерген. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап кетті. Бұл фактіні Қостанай облыстық білім басқармасы растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеоның астындағы жазбада оқиғаның бөбекжайда болғаны жазылған.

Ал білім басқармасының хабарлауынша, тәрбиеші жұмыстан босатылған.

«Өкінішке қарай, мұндай оқиға болды. Ал тәрбиеші жұмыстан босатылды. Бұдан әрі істі құқық қорғау саласының өкілдері қарайды», - деп мәлімдеді өңірлік білім басқармасының өкілдері.