$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.03.2024, 12:43
Қоғам

Атырауда алданып қалған үлескерлер тағы да наразылыққа шықты

Қазір қылмыстық іс бойынша сотқа беру туралы рәсім жүргізілуде

Атырауда алданып қалған үлескерлер тағы да наразылыққа шықты
Фото: depositphotos.com

Атырауда баспана аламыз деп алданып қалған үлескерлер тағы да наразылыққа шықты. Олар құрылыс компаниясы басшыларына қатысты тергеу тым созылып кетті дейді. 2018 жылдан бері «Қазанат», «Сарайшық», «Байсанат», «Фэмели Таун» деп аталатын төрт кооперативке миллиондап қаржы салып алданып қалғандар бірнеше жылдан бері баспанасын даулап жүр. Бұл туралы Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қыруар қаржыны жиып алып халықты алдап соққандар құзырлы органдардың құрығынан да құтылып кете ме деп қорқамыз дейді жиналғандар. Төрт тұрғын үй кешеніне екі жүзге жуық салымшы жарты миллиард теңгеден астам ақша құйған. Бірақ 2019 жылы басталған құрылысты бір жылдан кейін мемлекеттік сәулет құрылысы басқармасы заңсыз деп тоқтатып тастаған. Кейін үлескерлер құзырлы органдарға арыз жазған. Осыдан кейін тергеу басталып, екі жүзге жуық адамның арызы алынған. Қазір «бөтеннің мүлкін иемдену» бабы бойынша іс қозғалып, жақында сотқа жолданады дейді тергеушілер.

 «Күдіктілер үйқамақта екені туралы тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Өйткені күдіктілер тергеу сотының санкциясымен тергеу абақтысына қамалды. Қазір қылмыстық іс бойынша сотқа беру туралы рәсім жүргізілуде», - деді Атырау облысы ПД тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Мұратбай Қадіров.

Серіктес жаңалықтары