Кәсіпкерлердің экономикалық теріс әрекеттері қалай жазаланады

Аягөз Құрмаш

Мұндай жағдайда қоғамдық жұмыстарға тарту бастамасы көтеріліп отыр

Кәсіпкерлердің экономикалық теріс әрекеттері қалай жазаланады
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Снежанна Имашева Мәжілістегі комитет отырысында экономикалық қылмыстар үшін ұсынылатын жаза жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгінгі отырыста «Экономикалық қылмыстарды қылмыстық сипаттан арылтудың өзекті мәселелерін» талқылаймыз. Саланы реттейміз деген желеумен жасалатын қысымды азайту және отандық кәсіпкерлікті қолдау мәселелері әрқашан Мемлекет басшысының назарында», - деді Имашева.

Осы бағытта екі негізгі міндет айқындалған:

  • бұл экономикалық сипаттағы кейбір заң бұзу әрекеттерін қылмыс санатынан алып тастау жұмысын жалғастыру;
  • және салық саласында заң бұзғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болатын шекті анықтайтын әділ тетігін енгізу.

«Бұл жерде сөз кәсіпкерлерге және олардың экономикалық теріс әрекеттеріне қатысты істер туралы болып отыр. Талқыланып отырған тақырыптың өзектілігі соңғы уақытта отандық қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бағытында елеулі өзгерістер болғандығына да негізделеді. Ал ізгілендіру бағыттарының бірі – кейбір заң бұзу әрекеттерін қылмыс санатынан алып тасталуы. Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бүкіл заңнама сипатындағы репрессивтіліктің төмендеуін білдіреді, бұл біздің қоғамның қазіргі кезеңдегі мүдделері мен талаптарына сәйкес келеді»,- дейді ол.

Депутат атағандай, бұл түрмедегі азаматтарды азайту саясатын қарастырумен  байланысты емес, қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза қолдану мүмкіндігін көздейді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.