28.02.2024, 20:45
Қоғам
Талдықорғанда қызды зорлады деп айыпталған бұрынғы полиция бастығының соты басталды
Процесс жабық режимде өтеді
Фото: facebook.com/Марат Күштібаев
Талдықорғанда қызды зорлады деп айыпталған қалалық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Жетісу облысы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Талдықорған қалалық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы бойынша айыпталып отырған күдіктіге қатысты қылмыстық істі қарау басталды», - деп хабарлады облыстық сотта.
Процесс жабық режимде өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Талдықорған полиция басқармасының бастығы 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталды. Жәбірленушінің адвокаты Нұрлан Молбаев зорлық-зомбылықтың қалай жасалғанын айтты.
Осы оқиғадан кейін полиция басшылары жұмыстан шығарылды.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
