20.02.2024, 17:56
Қоғам
Аулада тұрған көлікті ұрлап әкеткен Жуалы тұрғыны ұсталды
Күдікті 1,5 млн теңгені де ұрлап кеткен
Фото: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі
Жамбыл облысында көлік ұрлаумен айналысқан күдікті қолға түсті. Ол Жуалы ауданы тұрғынының «Toyota Land Cruiser Prado» маркалы автокөлігін ұрлап мініп кеткен. Шаруа қожалығына тиесілі көлік аулада тұрған. Сонымен қатар жәбірленушінің 1,5 млн теңгесін де қолды қылған.
Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында көлік құралы Тараз қаласынан табылды. 34 жастағы күдікті ақшаны алып, көлікті мөлтек аудандардың бірінің ауласына қалдырып кеткен. Ал қаражатты жеке басының қажеттілігі үшін жаратып үлгерген», - деп хабарлады Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ұры уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды