Бәс тігетін жеке тұлғаларды кірістер комитеті бақылауға алады

Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар салық органдарының назарында болады

Бәс тігетін жеке тұлғаларды кірістер комитеті бақылауға алады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Еліміздегі 11 букмекерлік кеңсе мен тотализаторлар мәліметтерін салық органдарына беруге міндеттеледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Qazaqstan-ға сілтеме беріп.

Ол жерде бәс тігушінің жеке сәйкестендіру нөмірі, ұтыс сомасы мен нәтижесі, ойын шотындағы операциялары толық көрсетіледі. Жинақталған деректер құпия сақталады.

«Бұл қағидалар берілуге жататын мәліметтердің тізімін көздейді. Оның ішінде бәс тігуге қатысатын жеке тұлғалардың мәліметтері сондай-ақ, бәс тігу бойынша жалпы ақпарат. Сомалары, оның нәтижелері дегендей. Бұның құпиялылығы тиісті заңнама актілеріне, талаптарына сәйкес жүргізіледі», - деді ҚР мемлекеттік кірістер комитеті басқармасының басшысы Ерқанат Шыңберген.

Қадағалау шарасы 12 ақпаннан бастап күшіне енеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.