$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында инвесторға заңсыз тексеру жүргізген қызметкер жауапқа тартылды

Заңсыз тексеруді жүзеге асырған қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Алматы облысында инвесторға заңсыз тексеру жүргізген қызметкер жауапқа тартылды
Фото: freepik.com

Алматы облысының прокуратурасы «СТК Sokol» ЖШС инвесторына қатысты бақылаушы орган тарапынан заңсыз тексеру және шектеу шараларын тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүгінгі таңда инвестор спорт-техникалық саланы дамытуға бағытталған жобаға 20 млрд теңгеден астам қаржы салған. 

Кәсіпкерлік кодекстің талаптарын бұза отырып, Алматы облысының Жер ресурстарын басқару Департаментінің қызметкерімен құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тексеруді тағайындау туралы акті тіркелмей ЖШС қызметінде тексеру жүргізілген.

Тексеру қорытындысы бойынша ауданы 100 га жер учаскесіне шектеу салынған

Қадағалау актісі бойынша тексеру заңсыз деп танылып, жер учаскесіне салынған шектеу алынып тасталды. 

Облыс прокуратурасының қаулысымен заңсыз тексеруді жүзеге асырған қызметкер ҚР ӘҚБтК-нің 175-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу).

Бизнес пен инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жұмыстары жалғасуда және облыс прокуратурасының ерекше бақылауында.

Серіктес жаңалықтары