$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Суицидке итермелегендер енді 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Ал суицидті жарнамалағандарға 200 АЕК айыппұл салынады

Суицидке итермелегендер енді 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Жұлдыз Сүлейменова Мәжілісте таныстырылып жатқан заң жобасының негізгі тетіктері жайлы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Суицидтің алдын алу бойынша Қылмыстық кодексте жаңа екі құрам бойынша жаңа екі бап енгізіліп отыр. Бірінші, бұл – суицидке итермелеу. Екінші – суицидті жарнамалау. Бұдан бірнеше жыл бұрын «синий кит» деп аталатын немесе әлеуметтік желілерде жастар арасында челлендждер болды. Суицидке итермелегені үшін 5 жылдан 9 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы мен қылмыстық жауапкершілікке тарту ұсынылады», - деді Сүлейменова.

Оның айтуынша, суицидті насихаттағаны үшін 200 АЕК айыппұл түрінде жаңа қылмыстық жаза енгізіліп отыр.

«Бұл суицидке қатысты екінші пакет екенін атап өту керек. Үшінші шешімге келетін болсақ, отбасы институтын нығайту бойынша нормалар. Күні кеше, бүгін ата-аналарға қатысты жаза күшейтіледі немесе оларды құқығын айыру бойынша заң болады деген сұрақтар бізге келіп жатыр. Мұндай заң нормалар бұл заң жобасында қарастырылмаған», - деді депутат.

Сүлейменова атағандай, заң жобасы дәстүрлі отбасылық құндылықтарды дамыту мен нығайтуға бағытталған.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ 

Серіктес жаңалықтары