$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бұрын-соңды болмаған»: Алматы тұрғындары балаларға бөлінген қаражат жайында

Еліміздегі 7 миллионға жуық балаға ақша аударылды 

Балалардың есепшоттарына АҚШ валютасымен аударылып жатқан қаражат жайында Алматы қаласының тұрғындары пікір білдірді. Халық алғаш рет қолға алынған Президенттің бұл бастамасын қолдап, алдағы жылдары аударым көлемі өседі деген үмітте екендіктерін де жасырмады. Олардың пікірінше, бұл мемлекеттің қаржылық жағдайының тұрақты екен білдіреді.  

Президенттің бастамасымен «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама іске қосылғалы  еліміздегі 7 миллионға жуық баланың есепшотына ақша аударылды. Биылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударыла береді. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады.

Серіктес жаңалықтары