Ол 17 наурызда Меккеден келген
Бүгін Алматы облысында 1 адам коронавирустан жазылып шықты. Жазызған науқас ауруханаға 20 наурыз күні коронавирус диагнозымен жатқызылған. Сосын Қаскелең қалалық инфекциялық аурханасында толық ем алып, үйіне шығарылды. Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылының тұрғыны 1985 жылы туған азамат 17 наурыз күні Меккеден Түркия және Қырғызстан арқылы Алматыға келген. Науқасқа 8 суәірде жасалған қайта талдау нәтижесі теріс екенін көрсеткен.
«Пациентпен байланыста болған 2 азамат пен олардың отбасы шұғыл оқшауланып, дәрігерлер бақылауына алынған. Талдау қорытындысы теріс. 10 сәуірдегі жағдай бойынша Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасында коронавирус диагнозы анықталған 7 адам ем қабылдап жатыр. Олардың денсаулығы қанағаттанарлық. Дене қызуы бірқалыпты. Шағымдары жоқ», - деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Осылайша, Қазақстан бойынша қауіпті дерттен айыққандар саны 61-ге жетті.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 802-ге жетті. Қауіпті індеттен осы күнге дейін 61 адам айығып, 9 адам көз жұмды. Алматы облысында қауіпті вирус жұқтырғандар - 10 адам.