$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.04.2020, 12:36
Қоғам

Нұр-Сұлтанда 10 дезинфекциялық тоннель орнатылады

Медқызметкерлер жұмыс орнына кірер алдында және шыққан сәтте осы тоннельден өтеді

Нұр-Сұлтанда 10 дезинфекциялық тоннель орнатылады

Нұр-Сұлтанда халық көп жиналатын орындарда және ауруханалардың аумағында 10 дезинфекциялық кешен орнатылатын болды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің сайты жариялады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бастамасымен әрі қолдауымен №3 көпбейінді балалар ауруханасында қаладағы алғашқы дезинфекциялық кешен орнатылды. Медицина қызметкерлері жұмыс орнына кірер алдында немесе шыққан сәтте осы тоннель арқылы өтеді.

«Қондурғы бу генераторымен жұмыс істейді. Онда зарарсыздандыратын құрал құйылған арнайы моторлар бар. Кешеннен өтіп бара жатқанда адамның үстіндегі киіміне түгелдей шашылатын арнайы ерітінді қауіпті патогендерді жойып жібереді. Ол қондырғыдан медқызметкерлер күніне екі мәрте – жұмысқа кірген бетте және ауысымы аяқталған кезде өтіп отырады. Тоннельдерден пациенттер де өте алады», - деді №3 көпбейінді балалар ауруханасының директоры Иран Шәметеков.

Мұндай кешендер басқа да медициналық мекемелер мен адамдар көп жиналатын орындарға қойылады.

 

Серіктес жаңалықтары