Қызылорда облысында адвокат мектептер мен аудандық білім бөлімінің есепшілерінен ақша бопсалаған

Ол сот үкімімен 5 жылға сотталды

Қызылорда облысында адвокат мектептер мен аудандық білім бөлімінің есепшілерінен ақша бопсалаған
Фото ашық дереккөзден

Қызылорда облысында адвокат мектептер мен аудандық білім бөлімінің есепшілерін бопсалап, 7 млн теңгеге жуық ақша талап еткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жаңақорған аудандық сотының 21 қараша 2023 жылғы үкімімен Қызылорда облысының адвокаттар алқасының адвокаты О.Курбанов 5 жылға сотталды.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесімен тергеу органымен О.Курбановқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 3-бөлігі 2)-тармағымен айып тағылды (ірi мөлшерде мүлiк алу мақсатында қорқытып алушылық).

Аталған тұлға бірнеше рет ірi мөлшерде бөтеннің мүлкін мәжбүрлі түрде талап еткен, талабы орындалмаған жағдайда жәбiрленушiлердің немесе олардың жақындарының мүдделерiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi тарататынын айтқан», - деп мәлімдеді Прокуратура.

Ведомствоның хабарлауынша, құқық қорғаушы О.Курбанов 13 мектептің және аудандық білім бөлімінің бас есепшілерінен 6 млн. 900 мың теңге талап еткен. Егер айтқанын орындамаса, облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне арызданатынын, одан әрі қылмыстық іс қозғалатындығын, салдарынан ауданның абыройы түсіретіндігін алға тартқан.

Заң бұзған адвокаттың кінәсі дәлелденді. Бүгінгі күні сот үкімі заңды күшіне енді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.