$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өткен жылы Павлодар облысында екі әйел тұрмыстық жанжалдан көз жұмған

Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары облыс қалаларында жиі кездеседі

Өткен жылы Павлодар облысында екі әйел тұрмыстық жанжалдан көз жұмған
Фото: freepik.com

Өткен жылы Павлодар облысында екі әйел үй тұрмыстық жанжалдан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Үйде жанжал шығару жағдайлары облыс қалаларында жиі кездеседі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Мустафинов мәлім етті. 

«Себебі, халық саны көп. Аудандарда адамдар байсалды, салмақты болып келеді. Десе де Железин және Тереңкөл аудандарында тұрмыстық жанжалдар көбірек тіркеледі», – деді Қуаныш Мустафинов.

Оның сөзінше, былтыр тұрмыстық зорлық-зомбылықтан екі әйел қайтыс болған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жәбірленушілер түрлі жағдайлар бойынша арыздарынан бас тартып жатады. 

«Полицейлер келгенде олар агрессорды тыныштандырады. Одан кейін психологиялық тұрғыдан жәбірленуші оны қамауға алып кеткенін қаламайды», – деп түсіндірді спикер. 

Басқарма бастығының айтуынша, ертеңгі күні ол адамның жұмысында қиыншылықтар туады деп алаңдайды, яғни салдарын ойлай бастайды.

Серіктес жаңалықтары