$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

675 отбасындағы балада зорлық-зомбылық белгілері анықталған

Олардың жағдайы жайлы мемлекеттік органдарға хабарланды

675 отбасындағы балада зорлық-зомбылық белгілері анықталған
Фото: freepik.com

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы  Ақмарал Серікбаева отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық көрстекіштері жайлы баяндады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ішкі істер министрлігі Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыруда. Биыл 15-26 қаңтар аралығында ел аумағында «Тұрмыс» профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында полицияда тұрмыстық жанжалдар туралы 4 мыңнан астам хабарлама тіркелді. Оның 1,5 мыңын полиция қызметкерлері өздері үйлерді аралау барысында анықтады», - деді Серікбаева.

Оның айтуынша, іс жүзінде «агрессорлардың» барлығы немесе 95%-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Отбасылық шиеленістердің негізгі себебі - маскүнемдік, лудомания, адамгершілік құндылықтардың төмендеуі және соның салдарынан отбасы институтының жоғалуы екені мәлім. Осындай зорлық-зомбылықтың себептерін уақтылы анықтау және жою үшін алдын алу шаралары жүргізілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін бұрын полицияның назарына түскен 39 мыңға жуық адаммен профилактикалық әңгіме жүргізілді», - деді маман.

Серікбаева атағандай, қауіптілік деңгейін анықтау үшін 3 669 отбасына сауалнама жүргізілді.

«Сауалнама нәтижесінде 559 отбасында қайта құқық бұзушылық жасау қаупі жоғары екені анықталды. Сондай-ақ құқық бұзушыларға агрессияны болдырмау үшін психокоррекциялық курстардан өз еркімен өту ұсынылды. Өмірлік қиын жағдайдағы 675 отбасы, оның ішінде қолайсыз әлеуметтік ортадағы зорлық-зомбылық белгілері бар балалары анықталды.Олар туралы көмек көрсету үшін мүдделі мемлекеттік органдарға ақпарат жіберілді», - деді Ақмарал Серікбаева.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ 

Серіктес жаңалықтары