Павлодар облысында коронавирус жұқтырған жалғыз адам дертінен айықты
Бүгін Жамбыл облысында 1 адам, Павлодар облысында 1 адам коронавирустан жазылып шықты. Осылайша, Қазақстан бойынша қауіпті дерттен айыққандар саны 59-ға жетті.
- Нұр-Сұлтан қаласы – 30
- Алматы қаласы – 26
- Ақтөбе облысы – 1
- Солтүстік Қазақстан облысы – 1
- Жамбыл облысында – 1
Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысында бұған дейін бір ғана адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оның қауіпті вирусты жұқтырғаны 27 наурызда хабарланды. Одан кейін облыс аумағында басқа науқас тіркелген жоқ.