24.01.2024, 13:56
Қоғам
Қазақстанда вейп сатуға толық тыйым салынады
Заң Сенатқа жолданды
Фото: Culture.ru
Депутат Нартай Сәрсенғалиев «Қазақстанда вейптерді сатуға, таратуға, әкелуге және өндіруге заңмен тыйым салынды, халыққа у сатып қаржы табу бизнес емес» деп мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Вейптерді, оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату:
- екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе елу тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алумен жазаланады.
Вейптерді, оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды әкелу және өндіру:
- мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.
Сондай-ақ:
- қылмыстық топ жасаған;
- аса ірі мөлшерде табыс алумен ұштасқан;
- осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде тыйым салынған әрекеттерді бірнеше рет жасау:
- мүлкі тәркіленіп, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Заң Сенатқа жолданды.
Көп оқылған
14.07.2026, 10:38
Бір «закладка» 2000 теңге – Алматыдан Таразға «жұмыс» іздеп барған 43 жастағы әйел 7 жыл бойы түрмеде отыратын болды
14.07.2026, 11:45
Тас жолға шалқасынан жатып алған: Ақтөбеден Семейге барып, ерсі қылық көрсеткен 35 жастағы әйел жазаланды
15.07.2026, 12:33
Тараздан Норвегияға көшіп кеткен екі қыз әкелерінің қайтыс болғанын тек төрт айдан кейін естіген