БҚО аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығы жер телімін заңсыз берген деген айыппен сотталып кетті
4 мың соттық жер небәрі 765 мың теңгеге сатылған

БҚО Бәйтерек ауданы прокуратурасымен жер телімдерін беру заңдылығын тексеру кезінде бір азаматқа облыс орталығына жақын жерден (Орал қаласы) ірі көлемдегі жалпы аумағы 40 гектар (400 000 шаршы м – 4 000 соттық жер) жер телімдері «бағбандық және саяжай құрылысына» берілгені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Негізінде жер телімдерінің нақты кадастырлық құны - 119,8 млн. теңгегені құрайды, осының салдарынан мемлекетке аса ірі көлемдегі залал келтірілген. Осының негізінде, прокурорлық тексеру материалы СДТБТ-не тіркеліп, аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысына қатысты қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, ауыр салдарға алып келу фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.
Қылмыстық істің тергеуі Батыс Қазақстан облысының арнайы прокурорларына тапсырылды.
Сот үкімімен Бәйтерек аудандық жер қатынастар бөлімінің бастығы ҚК-тің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталып, жазасы қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.