18.01.2024, 16:41
Қоғам
Шымкентте 33 миллион теңге қарызы бар жүргізуші ұсталды
Көлік қарыз толық төленгенше қайтарылмайды
Фото: Polisia.kz
Шымкентте ондаған миллион теңге қарызы бар жүргізуші көлігінен айырылды. Қарызын төлеуден қашып жүрген жігіттің берешегі 33 миллион теңге болған, хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz сілтеме жасап.
Борышкерді қала жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кезекшілікке түскен патрульдік полиция полкінің инспекторлары тоқтатқан.
Полиция мұндай мәліметтерді жұмыс планшетіне орнатылған "Қорғау" бағдарламасы арқылы табады.
Тәртіп сақшылары Hyundai Elantra көлігін Рысқұлов көшесінде тоқтатып, айып тұрағына қойды. Көлікті алу үшін, иесі қарызды толық төлеуі тиіс.
Көп оқылған
23.10.2026, 15:58
«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)
23.10.2026, 16:16
«Дұшпан алыстан келмейді»: 4500 жетімге пана болған Әмина апа өміріндегі қиындықтары туралы айтты (ВИДЕО)
23.10.2026, 10:47
Балқаштың жерін тас-талқан етіп қазып тастаған жігіт ұзақ жылға сотталуы мүмкін (ВИДЕО)
23.10.2026, 12:45
18 градус суық: Қазақстанда демалыс күндері ауа райы суытып, қар жауады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды