$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан филиалы басшыларының әрекетіне халық наразы - депутат

Шаруалар мен кәсіпкерлер несиелерін төлесе де мүліктерін кері қайтара алмай келеді  

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан филиалы басшыларының әрекетіне халық наразы - депутат
Коллаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

Түркістан облысының жеке кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтары «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ  әрекетіне шағымданды. Арыс, Түркістан, Кентау қалалары мен Қазығұрт, Отырар, Сауран, Сайрам және Шардара аудандарындағы шаруа қожалықтары Түркістан филиалының басшыларының заңсыз әрекеттеріне наразылық танытып отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Қайрат Балабиев Түркістан өңіріндегі қала мен аудан тұрғындарымен кездесу барысында көпшілік несие берушілердің негізсіз әрекеттеріне шағымданғанын айтты. 

«Жоғарыда аталған азаматтар 2015 – 2018 жылдарда мал шаруашылығын өндіру мен дамыту үшін топтарға бірігіп, Түркістан облыстық филиалынан делдалдық және жеке тұлғалармен жұмыс істемейтін «Арыс несие», «Наурыз-несие»», «Отырар несие» және «Яссы-несие» кредиттік серіктестіктері арқылы 5 жылға 6 %-бен несие алып, кепілге өздерінің жылжитын және жылжымайтын мүліктерін қойған. Бүгінде 300-ден астам адам алған несие қарыздарын өтеп, толық жапқанымен кепілге қойылған мүлік құжаттарын рәсімдей алмай, көптеген қиындықтарға тап болып жүр. Соған байланысты көпшілігі берешектерін 3 жыл бұрын жауып тастаса да, әлі борышкерлер есебінен шығарылмаған. Басқа банктер мен несие ұйымдарынан қаражат ала алмайды және мүліктерін де сата алмайды», - деді депутат. 

Оның айтуынша, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өкілдері несие алушылардың мерзімі өткен міндеттесі болғандықтан, ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес қазіргі кезде олардың кепіл мүлкін босатуға мүмкіндігі жоқтығын айтуда.  

«Түркістан өңірінде ірі индустриялық өндіріс жоқ, негізінде, тұрғындардың 85%-ң әлеуметтік-экономикалық жағдайы тікелей агроөнеркәсіпке байланысты және олардың негізгі табыс көзі. Несие берушілердің орынсыз әрекеттері жұмысы мен табысынан айырылған адамдардың өмір сүру сапасына тікелей әсер етіп, олардың күн өткен сайын тұрмысы қиындап бара жатқанын атап өткен жөн. Сонымен қатар, олар несиелерін толық өтесе де, кепілге қойған  мүліктерінен себепсіз айырылып қалу қаупі де бар. Адамдардың несиеге тәуелділігі мен қаржылық сауатының төмендігі де өз кесірін тигізіп отыр», - деді Қайрат Балабие.

Сондай-ақ, депутаттың пікірінше 2015 - 2018 жылдары «Яссы-несие» КС-нен  163 млн теңге несие алған 65 азаматтың қарызы толық өтелсе де, кепіл мүліктері қайтарылмаған. Себебі, «Яссы-несие» қызметкерлері Корпорацияның Түркістан облыстық филиалынан алынған 8 млрд. тенге мөлшеріндегі қаражатты бірнеше адамнан құралған белгісіз топ азаматтарына кепілсіз несие беріп, аса ірі мөлшерде жымқырған. Қазіргі уақытта заңсыз несие беру фактісіне қатысты Экономикалық тергеу департаменті ҚР ҚК-нің 190 бабы 4-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. 

«Халыққа бір көзден несиАграрлық е берудің орнына, Корпорация мен оның Түркістан облыстық филиалы жеке тұлғалармен жұмыс істемейтін делдалдық және күмәнді кредиттік серіктестіктердің көмегіне неліктен жүгінгені түсініксіз. Олардың осындай «ұшқыр» әрекеттерінен адамдар зардап шегуде», - деді депутат.

Серіктес жаңалықтары