Түркістан облысында тасжолда жүргізушіден 1,5 келіден астам есірткі тәркіленді

Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта есірткі құралдарын сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Түркістан облысында тасжолда жүргізушіден 1,5 келіден астам есірткі тәркіленді

Түркістан облысы бойынша полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарын заңсыз сақтап, тасымалдады деген күдікпен Шымкент тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап

«Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізген полицейлер Ордабасы ауданы аумағындағы Шымкент – Түркістан тас жолында мегаполистің 32 жастағы тұрғынының басқаруындағы Nissan Primera автокөлікті тоқтатты. Жедел уәкілдер тексеру кезінде жүргізушінің көлігінің артқы орындығының астынан есірткіге ұқсас затты тапты», - делінген хабарламада.

Заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Қорытындыға сәйкес есірткі затының жалпы салмағы 1,5 келіден асатын марихуана болып шықты.

Қазіргі уақытта есірткі құралдарын сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.