$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Заңнамалық шаралар қабылданады»: Балаева «Қазақфильм» айналасындағы шу туралы

Ол киностудияның бұрынғы даңқы қайта оралатынына сенімді екенін айтты

«Заңнамалық шаралар қабылданады»: Балаева «Қазақфильм» айналасындағы шу туралы
Коллаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қазақфильм» айналасында өрбіген даулы мәселеге қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақфильм» айналасында болып жатқан мәселелер жайында айта кеткім келеді. Шынында да, қазір біз айналысып жатқан жүйелі мәселелер бар. Осыған байланысты ұйымдастыру және заңнамалық шаралар қабылданатын болады. Аты аңызға айналған «Қазақфильмнің» бұрынғы даңқы көп ұзамай оралатынына сенімдімін. Алдағы уақытта сапалы фильмдер түсіріп, көрерменді қуанта береді деп ойлаймыз», - деді Балаева.

Еске салсақ, Қазақфильм» киностудиясының аумағы жаңа қытайлық көліктерге толып қалғаны туралы мәселе көтерілген еді. Әлеуметтік желіде «қара шаңырақ енді темір тұлпар сататын автотұраққа айнала ма?» деген шу көтерілген болатын.   

Серіктес жаңалықтары