Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында тіркелді
Қазақстан халқының саны 2023 жылғы 1 желтоқсанда 20 014 575 адамға жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ұлттық статистика бюроысының мәліметінше, қала тұрғындарының саны – 12 431 220 адам, ауыл тұрғындары – 7 583 355 адам.
«2023 жылдың басынан бері халық саны 247 768 адамға артты, оның ішінде табиғи өсім есебінен 239 422 адамға, көші-қон есебінен 8 346 адамға өсті», - делінген хабарламада.
Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 5,11% бен 2,82%, сондай-ақ Маңғыстау облысында тіркелді – 2,40% .