Егер баланың деректері Egov порталында көрсетілмеген жағдайда Ұлттық қордан төлем беріле ме?

Бүгінгі таңда Egov электронды үкімет порталында дерекқорда тіркелген барлық балалар көрсетіледі

Егер баланың деректері Egov порталында көрсетілмеген жағдайда Ұлттық қордан төлем беріле ме?
Фотоколлаж Azattyq Ruhy

Сирек жағдайларда, цифрлық құжаттарда кейбір балалар ата-аналарда мүлдем көрсетілмеуі немесе қате көрсетілуі мүмкін. Дегенмен, бұл олардың төлемдерді алуына әсер етпейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан азаматы болып табылатын әрбір бала Egov порталында көрсетілген деректерге қарамастан Ұлттық қордан төлемдер алады.

«Азаматтарға ыңғайлы болу үшін «Баланы қосу» функциясы енді цифрлық құжаттар бөлімінде қолжетімді және бұл функцияны пайдалану үшін төмендегі қадамдарды орындау қажет:

  •  eGov Mobile мобильді қосымшасын соңғы нұсқаға дейін жаңартыңыз.
  •  Цифрлік құжаттардағы «Отбасы» бөліміне өтіп, «Баланы қосу» түймесін басыңыз.
  •  Осыдан кейін «Балалар туралы ақпаратты жаңарту» қызметі ашылады, ондағы барлық жолдарды толтырып, туу туралы куәлікті тіркеп, өтініш беру қажет.

Өтініштерді АХАЖ қызметкерлері 2-ден 5 жұмыс күн ішінде қарастырады. Өңдеу аяқталғаннан кейін сіз хабарлама аласыз және бала жайлы ақпарат цифрлық құжаттарда пайда болады», - делінген хабарламада.

Авторы: Еркежан АЙТҚАЗЫ

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.