$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мемлекет басшысының сұхбаты елдің дамуы мен болашағындағы бетбұрысын айқындап берді – Тұрлыханов

Депутат алдымызда биік мақсаттар тұрғанын айтты

Мемлекет басшысының сұхбаты елдің дамуы мен болашағындағы бетбұрысын айқындап берді – Тұрлыханов
Фото ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатындағы елдің экономикалық дамуы туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Алдымызда биік мақсаттар тұр – бұл ел мүдделерін қамтамасыз ету және қазақстандықтардың экономикалық әл-ауқатын арттыру. Қазіргі халықаралық аренада орын алған жағдай мен жаңа сын-қатерлер қазақстанның сыртқы саясаты алдында өзекті міндеттерді талап етеді. Мемлекет басшысы өз сұқбатында барлық елдермен достық екіжақты қарым-қатынастарды нығайту, халықаралық алаңдарда ұлттық бастамаларды ілгерілету және шетелдік инвестицияларды тарту қарқынын арттыруды атап өтті», - деді ол. 

Оның айтуынша, елімізде халықаралық деңгейде бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуы жоспарлануда. Оның ішінде жаһандық көшбасшылардың, сарапшылардың және бизнес-қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өтетін Астана экономикалық форумы, әлемдік көшпенді мемлекеттерді біріктірген Дүниежүзілік көшпенділер ойындары, Орталық Азия мемлекеттерінің көшбасшыларын біріктіретін жоғары деңгейдегі консультациялық кездесулер мен іс-шаралардың маңызы зор.

«Ел Президенті өз сөзінде еліміздегі экономикалық және саяси реформалардың барысына да назар аударды. Әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарына денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру маңыздылығына тоқталды. Бұл бағытта белсенді жұмыс істеуді жалғастыруға депутат ретінде бар күшімізді саламыз», - деді Дәулет Тұрлыханов.

Серіктес жаңалықтары