Жаңа жылдың алғашқы күндерінде патрульдік полицейлер 6 мыңнан астам көлікке жол бастап жүрді

Azattyq Rýhy

Өткен жылдың 28 желтоқсанынан бастап жаңа жылдың 3 қаңтарына дейін 42 мың автокөлікті алып жүру ұйымдастырылды

Жаңа жылдың алғашқы күндерінде патрульдік полицейлер 6 мыңнан астам көлікке жол бастап жүрді

Жаңа жылдың алғашқы күндерінде патрульдік полицейлер 6 мыңнан астам көлікке жол бастап жүрді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа жылдың алғашқы күндерінде қала сыртындағы трассаларда 6 мыңнан астам автокөлікті патрульдік полицейлер алып жүрді.

«Қолайсыз ауа райында жолдағы қауіпсіздік үшін ІІМ қозғалысты тоқтатуды, сондай-ақ жолда көліктерге жол көрсетіп, автокөлікпен ілесіп жүруді қамтамасыз етеді. Тәулік сайын қала сыртындағы жолдарда мыңнан астам патрульдік полиция қызметкері қызмет атқарды. Олар 250-ден астам патрульдік маршрутқа қызмет көрсетеді», - делінген хабарламада.

Мәселен, өткен жылдың 28 желтоқсанынан бастап жаңа жылдың 3 қаңтарына дейін 42 мың автокөлікті алып жүру ұйымдастырылды. Жаңа жыл қарсаңында және 2024 жылдың алғашқы күндерінде патрульдік экипаждар 6 мыңнан астам көлік пен 15 мың азаматты жол жүру орнына дейін алып жүрді. Бұл ретте жолды жабу туралы талаптарға бағынбаған 8 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.