Бұрын олардың төртеуі - ер, алтауы - әйел болған.
2017 жылдан бері Алматыда жынысын өзгертуіне байланысты 10 адам жаңа төлқұжат алған деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық Әділет департаментіне сілтеме жасап.
Департаменттің ресми өкілі Әсемгүл Батыргееваның айтуынша, 10 адамның төртеуінің жынысы бұрын ер болса, қазір – әйел. Ал, қалған алтауы керісінше.
Мамандар сондай-ақ, жыныс ауыстырғаннан кейін жаңа құжаттың қалай рәсімделетінін де түсіндірді.
«Жынысты алмастыру Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің 257-бабы, 13-тармағымен реттеледі. Ал, жеке куәлікті алмастыруға АХАЖ бөлімінің шешімі мен жыныс ауыстырғанда берілетін хаттамалық жазба қажет. АХАЖ бөлімдері азаматтардан өтінішті тек дәрігерлік комиссияның анықтамасынан кейін ғана қабылдайды», - дейді Әсемгүл Батыргереева.
Оның айтуынша, жыныс ауыстырғаннан кейін берілетін төлқұжатты күту уақыты қарапайым төлқұжатты алу уақытымен бірдей.