Қару-жарақ, есірткі, діни әдебиеттер: шекарада ұсталғандардан тағы қандай заттар тәркіленді

Azattyq Rýhy

Былтыр шекара кеңістігінде ел заңнамасын бұзған 35 487 адам ұсталды

Қару-жарақ, есірткі, діни әдебиеттер: шекарада ұсталғандардан тағы қандай заттар тәркіленді
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі 2023 жылдың жұмыс қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2023 жылда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып шекара кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған 35 487 адамды ұстады.

Олардың ішінде 1094 шетелдік бар.

Мемлекеттік шекара арқылы 8 026 соның ішінде:

  • 444 – есірткі заттары, жалпы салмағы 1 тоннадан астам;
  • 389 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (36 дана ату қаруы, 986 дана оқ-дәрілер, 4 001 дана суық қару, 125 арнайы құралдар);
  • 279 – діни әдебиеттер (7 103 дана);
  • 3 112 – жалпы сомасы 213 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (429 107 литр);
  • 2 986 – жалпы сомасы 12,4 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
  • 816 – жалпы сомасы 11,7 млрд теңгеден астам валютаны заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды.

Каспий акваториясында 384 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ жалпы ұзындығы 738 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары, 3 463 дана (20 276 кг) бекіре тұқымдас балықтар, 45 332 дана (67 899 кг) ұсақ тұқымдас балықтар, 23 250 дана (10 238 кг) шаян тұқымдастар анықталды.

«Алынған залал сомасы 7 млрд астам теңгені құрайды. Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді», - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.