Жаңа жыл қарсаңында Талдықорған тұрғындары дәмханада жаппай төбелес шығарды

Azattyq Rýhy

 Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ

Жаңа жыл қарсаңында Талдықорған тұрғындары дәмханада жаппай төбелес шығарды
Фото: Instagram/kris.p.shym, коллаж Zakon.kz

2024 жылдың бірінші күні, 1 қаңтарда әлеуметтік желіде Талдықорғандағы дәмханалардың бірінде түсірілген жаппай төбелестің видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Видеоға қатысты облыстық полиция департаменті түсінік берді. Оқиға Жаңа жылды тойлау кезінде емес, бірнеше күн бұрын болғаны белгілі болды.

«Бұл дерек 29 желтоқсанда Талдықорғанда тіркелді. Оқиға орнына жеткен полиция жасағы жанжалға қатысқандарды қалалық басқармаға жеткізді», - деп хабарлады Zakon.kz тілшісіне Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Облыстық полицейлер жаппай төбелестің салдарынан зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.