Өткен тәулікте ТЖМ күштері 465 адамды құтқарды
ТЖМ азаматтарды алыс сапарларға шықпауға шақырады
Өткен тәулікте ҚР ТЖМ күштері 180 шығу жасады. 465 адам, оның ішінде 39 бала құтқарылып эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағанды облысының автожолдарында ТЖД, ТЖМ 52859 әскери бөлімінің, полиция мен жергілікті атқарушы органдардың күштері қар құрсауында қалған автомобильдерден 400-ге жуық адамды құтқарып, жақын маңдағы кемпингтерге, жылыту пункттері мен елді мекендерге эвакуациялады.
Бұқар Жырау ауданында 29 қарашада ауа-райы қолайсыздығынан мал бағуға шығып, елді мекенге өз бетінше жете алмаған 3 адам табылды.
Сонымен қатар Абай ауданында далада қар құрсауында автокөлікпен тұрып қалған төрт адамды іздеу жұмыстары жүргізілді. Құтқарушылар жоғалған адамдарды таң атарда тауып, жақын маңдағы елді мекенге жеткізді.
Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында 29 желтоқсанда жылқы табынын атпен іздеп шыққан шопан іздестірілді. Іздеу тобы жоғалған адамды тауып, елді мекенге жеткізді.
ТЖМ азаматтарды дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.
Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынамыз.