$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.12.2023, 08:50
Қоғам

Биыл еліміз бойынша 856 шақырым автожол салынды

2023 жылы еліміздегі ірі автожол жобалары аяқталды

 

Биыл еліміз бойынша 856 шақырым автожол салынды
Фото: gov.kz

Биыл республика бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарымен 10 мың 700 км автомобиль жолы қамтылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Көлік министрлігінің негізгі күш-жігері 4-5 жылға созылған ұзақ құрылыс жобаларын жеделдетуге бағытталды.

Нәтижесінде Талдықорғаннан Өскеменге, Қарағандыдан Алматыға және Ақтөбеден Қандыағаш-Атырау арқылы Астраханьға дейінгі жолдармен жол жүру қамтамасыз етілді.

Бұл жобаларды іске қосу бойынша жалпы ұзындығы 856 км және 1 мың км-ден астам жол қарастырылған.

Сондай-ақ Үшарал-Достық және Қостанай-Денисовка автожолдарын салу және қайта жаңарту бойынша ірі жобалар аяқталды.

Мұның бәрі жол қозғалысына жұмсалатын уақытты үнемдеп, жол жүру кезінде жайлылықты арттыруға және көлік шығындарын азайтуға мүмкіндік берді.

«Барлық ауыспалы жобалар 2024 жылы пайдалануға беріледі. Кейін кезең-кезеңімен жалпы ұзындығы 4 мың 700 км жаңа жобалардың құрылысы басталмақ», - делінген хабарламада.

Салынып жатқан автомобиль жолдарының сапасын арттыру мақсатында EPCM-келісімшарттың халықаралық жүйесі және FIDIC ережесі енгізілді. Сондай-ақ жаңа технологиялар мен материалдардың 75-тен астам түрі сынақтан өткізілді.

Серіктес жаңалықтары