26.12.2023, 10:29
Қоғам
Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 6,5 жылға сотталды
Олар жәбірленушілерге 432 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірген
Фото: freepik.com
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті «ЖК-OTAU KZ» қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
2018 жылдан бастап екі ұйымдастырушы салымшылардан қаражат алып, оны басқа қатысушылар арасында қайта бөліп, 150 жәбірленушіге аса ірі көлемде 432 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірген.
«Сот үкімімен бұл азаматтар кінәлі деп танылып, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Қаржы пирамидаларын құру үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеміз, заңда мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған», - делінген хабарламада.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
06.12.2025, 16:25
«Нарынқол» заставасындағы өрттен әкесі мен кішкентай баласы қаза тапты
06.12.2025, 18:31
Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
06.12.2025, 13:04
Алаяқтықтың жаңа түрі: Бас прокуратура маңызды мәлімдеме жасады
06.12.2025, 18:05
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады