Оңалту жұмыстары теріс ағымды ту етіп, терроризм ісі бойынша сотталғандармен де жүргізілген
Биыл 1200-ден аса адам теріс ағым құрсауынан шықты. Адасқандардың басым бөлігінің жас мөлшері 20 мен 40 жас аралығы, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Олардың әрқайсысымен жұмыс істеу үшін біріне апталап, енді біріне айлап, тіпті жылдап уақыт кеткен. Оңалту жұмыстары теріс ағымды ту етіп, терроризм ісі бойынша сотталғандармен де жүргізілген.
Темір тордағыларды теолог мамандар радикалды діни райынан қайтарған, деп жазады qazaqstan.tv.
Еліміздің Бас мүфтиінің айтуынша, жат ағымға рухани жұтаң адамдар бейім болып келеді.
«Қоғам болған соң, өмір болған соң өкінішке орай адасушылықтар болып жатады. Оның барлығы неден болуы мүмкін, біз туғаннан бастап ата дәстүрімізді білуіміз керек. Көбіне біз жастарды кінәлаймыз. Біз жастардан бұрын ата-ана өзі дәстүрді қаншалықты біледі. Осыған көңіл бөлуіміз керек», - деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы.