КВИ-дан жазылып шыққан ақтөбелік Испания арқылы ұшып келген

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін Қазақстанда коронавирус жұқтырған 47-ші адам айығып шықты

Коронавирустан айыққан науқас Ақтөбе облысының азаматы. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ол ауруханаға 22 наурыз күні сағат 06.05-те келіп түскен. Испания арқылы транзитпен ұшып келген. Зертханалық талдау нәтижесінде оның бойында вирус бары анықталған.

«Вирус анықталғаннан кейін 14 күн өткен соң (инкубациялық кезең – ред.) тағы да анализ алынды. Нәтижелері теріс болды. 7 сәуірде ауруханадан шығарылды. Жағдайы қанағаттанарлық», - делінген хабарламада.

Коронавирустан жазылған ақтөбелік тағы 14 күн дәрігерлердің бақылауымен үй карантинінде болады.