$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылорда облысында 21 мың науқасқа тегін дәрі берілмеген

Прокурорлар емдеу мекемелерін тексерді

Қызылорда облысында 21 мың науқасқа тегін дәрі берілмеген
Фото ашық дереккөзден

Қызылорда облысында медициналық ұйымдарда тиісті сертификаты жоқ мамандар жұмыс істеп келген. Прокурорлар емдеу мекемелерін тексеріп, 21 маманның біліктілігін растайтын құжаты жоқ екенін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Мұнан бөлек, әскери борышын өтеуге кетіп, тұрғылықты мекен жайында болмаған 900-ден астам азаматтқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді деген жалған құжатпен мемлекеттен 17 миллион теңге төленген. Жалпы облыс бойынша 19 денсаулық сақтау нысанын тексеру барысында 21 мың науқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмегені де белгілі болып отыр.

«13 адамның құқығы қорғалды. Бұзушылыққа жол берген 242 тұлға тәртіптік жауапқа тартылды. Оның ішінде әкімшілік жауапқа тартылғандар да бар. Бюджетке 27 миллион теңге өндірілді», - деді облыстық прокуратураның басқарма бастығының орынбасары Әділжан Сыздықов.

Серіктес жаңалықтары