Келер жылы зейнетақының орташа мөлшері қанша болады – министр жауабы

Биыл базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-дан 60%-на дейін белгіленді

Келер жылы зейнетақының орташа мөлшері қанша болады – министр жауабы
Фото: freepik.com

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова базалық зейнетақы төлеуді алып тастау туралы қауесеттерге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ведомство басшысы базалық зейнетақы төлемі, керісінше, көбейіп жатқанын айтты.

«Мысалы, биыл базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-дан 60%-на дейін белгіленді. Келесі жылдан бастап біз осы ең төменгі шекті 5%-ға арттырамыз, индекстеу 7%-ды құрайтын инфляция деңгейін ескеріп бекітіледі. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі үшін төленетін ынтымақты зейнетақы және 2024 жылғы 1 қаңтарда тағайындалған төлемдері бар барлық зейнеткерлерге индекстеу 7%, инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып жүргізіледі. Жалпы, 9% индекстеу болады», - деді Светлана Жақыпова.

Оның айтуынша, зейнетақының орташа мөлшері шамамен 130 мың теңге болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.