$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Асы жайлауы» мемлекет меншігіне өтті – депутат

Жер көлемі 3 500 гектарды құрайды

«Асы жайлауы» мемлекет меншігіне өтті – депутат
Фото: adrenalinicsilence.kz

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек «Асы жайлауы» мемлекет меншігіне тапсырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жер аманаты» республикалық жер комиссиясының жұмысы аясында комиссия төрағасы Дәулет Кәрібек, комиссия мүшесі, ҚР Бас жер инспекторы Мұрат Теміржанов, комитет инспекторлары Сағадат Дүйсенов Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында Масақ ауылдық округінде халықпен кездесіп, Буғыты қыстауында 2,4 мың гектар ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің қайтарылғанын жария еттік», - деп жазды Бақытжан Базарбек Facebook-парақшасында.

Депутат сондай-ақ «Іле-Алатау Тур» ЖШС-нен #03-044-184-002 кадастрлық нөмердегі аумағы 3 500 гектар ауылшаруашылық мақсатындағы атақты «Асы жайлауы» деп аталатын жердің мемлекет меншігіне қайтарылғанын жария етті.

«Асы жайлауы мемлекет меншігіне Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 1 маусымдағы #907 қаулысымен қабылданды. Ал біз, «Жер аманаты» республикалық жер комиссиясы мүшелері Ақмола облысына іссапарға шығуға әзірленіп жатырмыз», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары