Әлихан Смайылов ел азаматтарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Azattyq Rýhy

Үкімет басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған мемлекеттік саясат тәуелсіздік тұғырын нығайтуға бағытталғанын да баса атап өтті

Әлихан Смайылов ел азаматтарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: t.me/KZgovernment

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – егемен еліміздің шын мәніндегі басты мемлекеттік мерекесі. Өйткені қажырлы күрес пен жанкешті еңбектің арқасында қолымыз жеткен тәуелсіздік – көздің қарашығындай қорғалуға тиіс қастерлі құндылық», - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған мемлекеттік саясат тәуелсіздік тұғырын нығайтуға бағытталғанын да баса атап өтті.

«Шынайы жаңғыру жолына қадам басқан Қазақстан алаштың әділеттілік пен азаттық жолындағы сан ғасырлық арманын ақиқатқа айналдырды. Сондықтан біздің болашақ ұрпақ алдындағы басты парызымыз – осынау баға жетпес байлығымызды сақтап, ел ырысын еселей түсу үшін қолдан келгеннің бәрін жасау. Мерейлі мерекеде баршаңызға ашық аспан, мықты денсаулық, табыс және амандық тілеймін!», - деді Әлихан Смайылов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.