Павлодарда Ертіс өзені арқылы өтетін ескі көпір апатты жағдайда тұр

Azattyq Rýhy

Ал «Қазавтожол» мекемесі ескі көпірдің орнына жаңасын салмақ

Павлодарда Ертіс өзені арқылы өтетін ескі көпір апатты жағдайда тұр
Фото: astanatv.kz

Павлодарда Ертіс өзені арқылы өтетін ескі көпір апатты жағдайда тұр. Қатты аязда темір қоспалардың арасы ажыраған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.

Осыдан 60 жыл бұрын салынған өткел ауыр жүк көліктерін көтермейді. Сондықтан, салмағы 10 тоннадан асатын техникалардың қозғалысына шектеу қойылған. Ал көлік жүргізушілері өткелден өтуге қорқатындарын айтады.

 «Қазавтожол» мамандары көпірді күнделікті бақылау барысында темір қоршау мен қоспаларының арасы ажырағанын анықтады. Дереу тексеру жүргізген олар қауіп жоқтығына көз жеткізіпті. Айтуларынша, көпірдің негізгі тірегіне зақым келмеген. Ал «Қазавтожол» мекемесі ескі көпірдің орнына жаңасын салмақ. Бірақ, оның қашан салынары белгісіз.

 «Тексеру нәтижесінде көпірдің қатты аяздан жетінші және тоғызыншы бағандарынының арасындағы темір қоспалар дәнекерленген жер үзіліп кеткен. Ал тіректері қанағаттанарлық жағдайда. Ал бұдан келіп кетер қауіп жоқ. Үзілген қоспалар қайта жалғанды», - деді «ҚазАвтоЖол» ҰК ПОФ директорының орынбасары Алексей Логвиненко.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.